КЕН ОРНЫНДА КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАБАТҚА АЙДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530603

Кілт сөздер:

кен орны, мұнай, мұнай бергіштік, қабат, ұңғыма жабдықтары, айдау, зерттеу.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты - мұнай өндіруді қарқындату және суперкритикалық сұйықтық жүйелерін қолдана отырып, әртүрлі су қанықтылығының қабаттарынан мұнайдың ығыстыру коэффициентін арттыру әдісін жасау.

Әлемдік сұйық отынға деген қажеттілік адамзатты ауыр және аса ауыр мұнайды белсенді игеруге, пайдалануға және өңдеуге, арнайы химиялық заттарды өндіруге және мұнай өнеркәсібінің қалдықтарын жоюға итермелейді. Алайда, мұндай шикізатты өңдеудің қолданыстағы дәстүрлі технологиялары экономикалық тиімділікті толықтай қамтамасыз етпейді және көбінесе қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді.

Осыған байланысты суперкритикалық сұйықтықтарға (СКС) негізделген технологиялар  мұнай өндіру және өңдеу саласындағы перспективалы, тиімді және серпінді бағыт ретінде қарастырылады. Суперкритикалық сұйықтық СКС - бұл сұйықтық пен газ арасындағы шекара жойылып, зат бірегей физика-химиялық қасиеттерге ие болатын заттың ерекше күйі.

Олардың сипаттамаларына байланысты суперкритикалық сұйықтықтар әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады: полимерлерді өндіру және өңдеу кезінде, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде, медицинада, биодизель отынын алу кезінде, биоматериалдарды қайта өңдеу, материалдарды тазарту және сорбенттерді қалпына келтіру. Бұл әдісті қолдану жоғары тұтқырлы мұнай кен орындарынан мұнай алу коэффициентінің жоғарылауына әкеледі деп күтілуде.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Қайрбек Айтжанұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 128

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.