ТЕХНОГЕНДІК МАТЕРИАЛДАРДЫҢ БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІНІҢ СҮЗГІЛЕНУ ЖӘНЕ РЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620602Кілт сөздер:
бұрғылау ерітіндісі, су бергіштігі, техногендік материалдар, статикалық ығысу кернеуі, реологиялық қасиеттер, сүзгілік қасиеттер, политерпендер, поливинил спирті, диметилдиаллиламмоний хлориді.Аңдатпа
Жұмыста полимерлік табиғаттағы техногендік материалдардың бұрғылау ерітінділерінің сүзгілік және реологиялық қасиеттеріне әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмысының өзектілігі мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау тиімділігін арттыру, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірістің ірі тоннажды қалдықтарын ұтымды пайдалану қажеттілігімен байланысты. Зерттеу барысында реагенттер ретінде политерпендер, поливинил спиртін (ПВС) өндіру қалдықтары және суда еритін диметилдиаллиламмоний хлориді (ДДААХ) қолданылды. Тәжірибелер тұщы және минералданған ортадағы бентонит негізіндегі бұрғылау ерітінділерінде жүргізілді. Реагенттердің концентрациясының су бергіштігі көрсеткішіне және статикалық ығысу кернеуіне әсері анықталды. Бұл көрсеткіштер бұрғылау ерітінділерінің технологиялық және пайдалану қасиеттерін сипаттайтын негізгі параметрлер болып табылады. Зерттеу нәтижелері техногендік материалдарды енгізу сүзгілік шығындарды едәуір төмендететінін және жүйенің құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсартатынын көрсетті. Су бергіштігі көрсеткішін төмендету бойынша ең жоғары тиімділік диметилдиаллиламмоний хлориді реагентін қолданғанда байқалды. Сонымен қатар политерпендер мен поливинил спирті қалдықтары да бұрғылау ерітіндісінің қасиеттерін жақсартуда оң нәтиже көрсетті. Алынған нәтижелер техногендік материалдарды бұрғылау ерітінділерінің технологиялық параметрлерін реттеуге арналған көпфункционалды реагенттер ретінде қолданудың тиімділігін және өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратудың экологиялық маңыздылығын дәлелдейді.