ҚҰМДЫ ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Баян Хамзина ЗКАТУ им Жангир хана Автор
  • Кайрбек Айтжанович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4284-9048
  • Гульмира Ермухамбетовна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-5610-6774
  • Тимур Азаматұлы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0009-0002-0817-0680
  • Тимур Джамбулович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0005-7918-5857

DOI:

https://doi.org/10.62724/202430302

Кілт сөздер:

сорап ұңғымалары, механикалық қоспалар, қатты қалқыма бөлшектер, сүзгілер, сорап жабдықтары

Аңдатпа

Жұмыста терең сорап ұңғымаларында механикалық қоспалардың пайда болу себептері мен аталған себептерге байланысты оның әкелетін салдары қарастырылған. Сұйықтықтағы қатты қалқыма бөлшектердің ұңғыма жабдықтарына әсері және оның алдын алу үшін құмы бар сұйықтықты сүзу технологиясын жетілдірудің маңыздылығы аталып өткен. Механикалық қоспалармен күресуде қолданылатын әдіс ретінде сорғы жабдығын көтермей сүзгі элементін жуатын сүзгі дизайнының және сүзгі бөлігінде орналасқан берік тот баспайтын болаттан жасалған V-тәрізді сымның саңылаулы торларының артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған.

Механикалық қоспалармен күресудің практикалық әдістерінде ұңғымалардың түп маңы аймақтарын сүзгілермен жабдықтау технологиясының негізгі бағыттары мен механикалық қоспалардың теріс әсеріне қарсы күрестің негізгі өлшемдері көрсетілген. Газ-сұйық қоспаны өндіруде қатты қалқыма бөлшектерді азайту мәселесінің ерекше маңыздылығына сүйене отырып, терең сорап жабдықтарын қорғау үшін мұнай өндірісінде қолданылатын құмды қоспалардан оқшаулаудың бірнеше әдістері қарастырылған. Қабаттық сұйықтықта қатты қалқыма бөлшектерінің болуы жағдайында сорап жабдықтарының сенімділігін арттыру мәселесін шешу техникалық құралдарды таңдауда кешенді тәсілді қажет ететіндігі анықталған. Терең сораптарды қабылдаудағы қолданыстағы сүзгілердің жұмыс қабілеттілігін талдау олардың қатты қалқыма бөлшектермен күресте төмен тиімділікке ие екенін көрсетті, соның ішінде қатты қалқыма бөлшектердің бетіне жабысып қалуы салдарынан тазарту үшін сорап жабдықтарын мезгіл-мезгіл көтеру қажет.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Кайрбек Айтжанович, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    Техника ғылымдарының кандидаты

  • Гульмира Ермухамбетовна, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    Аға оқытушы

  • Тимур Азаматұлы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің магистранты

  • Тимур Джамбулович, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті"магистранты

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 35

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.