ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АЛҚАБЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ТАРИХИ ТОПОГРАФИЯСЫ

Авторлар

  • Калменов Мурат Дабылович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университі Автор https://orcid.org/0000-0001-9446-5500

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610103

Кілт сөздер:

Археология, орта ғасырлар, Қазақстанның Батыс өңірі, Жайық өзенінің бассейні, Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти, Жайық

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақала Батыс Қазақстан аумағында орналасқан ортағасырлық қалалардың археологиялық материалдарына тарихи-топографиялық аспектіде талдау болып табылады. Қазақстанның Батыс өңіріндегі ортағасырлық қалалық мәдениетті жан-жақты зерттеу Отандық археологияның өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің шеңберінде кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу үшін тарихи-мәдени мұра ескерткіштер көп тіркелген перспективалы аймақ – Жайық өзенінің бассейні. Мақалада қалалық орталықтардың пайда болуына және орта ғасырлардағы урбанизациялық процесстердің ерекшеліктеріне, атап айтқанда қалалардың топографиясында жүз берген өзгерістерге, жаңа құрылымдық элементтердің пайда болуына қысқаша талдау берілген. Сауда, оның ішінде халықаралық сауда көбінесе ортағасырлық қаланың қалыптасуына және өмір сүруіне үлкен ықпалын тигізді. Х ғасырдан бастап өңірде жергілікті, аймақтық және халықаралық сауданың дамуы нәтижесінде қалалар қалыптаса бастады. Қаланың өмірі, оның әл-ауқаты мен өркендеуі саудаға байланысты болды. Өңірдің қалалары Орталық Азияның ортағасырлық қалаларынан даму деңгейі кем болмағандығын соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер дәлелдеді. Мақалада өңірдің ортағасырлық қалалары туралы мәліметтерге және олардың орналасқан жерін баламалап анықтайтын жазбаша дереккөздерге де шолу жасалады. Солтүстік-Шығыс Каспий маңы тарихи-географиялық шағын ауданының ортағасырлық қалаларын жүйелеуге әрекет жасалды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

41-50 тен 211

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.