БҰЗАУ ДИСПЕПСИЯСЫНДА СТАРТИНДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540403Кілт сөздер:
регидрациялық терапия, фитотерапия, стартин, бұзау диспепсиясы, этиологиялық факторлар, патогенді микрофлора, клиникалық көрсеткіштерАңдатпа
Мақалада Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Уәли шаруа қожалығында бұзауларда диспепсияның пайда болуына ықпал ететін этиологиялық факторлар мен оларды емдеу әдістерін зерттеу нәтижелері берілген.
Бұзау диспепсиясын емдеуде осы шаруашылықтағы ең тиімді емдеу әдістері қарастырылды. Сондықтан емдеу үшін биологиялық белсенді заттарды қолдану, оның ішінде табиғи өсімдіктермен емдеу (фитотерапия) маңызды. Бұл заттарға тритерпеноидты шикізат жатады.
«Диспепсия» терминін алғаш рет 1875 жылы австриялық дәрігер Видергофер ұсынған. Диспепсия - асқазан-ішек жолдарының функционалдық белсенділігінің бұзылуымен жүретін, патологиялық және анатомиялық өзгерістерсіз жүретін клиникалық көрініс.
Зерттеуге материал ретінде шаруашылықтағы жаңа туған 12 бас бұзау алынды. Зерттеуде жас малдардың жас көрсеткіштеріне, азықтандыру, күтіп-баптау ерекшеліктеріне және оларда жаттығулардың болуына назар аударылды.
Зерттеу жұмысы шаруашылықтағы бұзаулардағы диспепсияның этиологиялық себептерін анықтауға және диспепсиямен ауыратын бұзауларға салыстырмалы дозада табиғи стартинді қолдану нәтижелерінің тиімділігін анықтауға бағытталған.
Стартин – біріктірілген дәрілік зат, жалпы салмағы 550 г, үш полиэтилен пакетке салынған ұнтақ тәрізді заттар кешені. Стартин ащы ішекте патогендік микрофлораны басуға көмектеседі, ұлтабарда казеиндік безоарлардың түзілуін болдырмайды, ас қорытуды жақсартады және дененің су-тұз тепе-теңдігін қалыпқа келтіреді.