ҚҰРЫЛЫС КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КҮЛ-ҚОЖ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610708Кілт сөздер:
Күл-қож, саз балшық, өнекәсіп қалдықтары, химиялық құрам, минералогиялық құрам, керамикалық бұйымАңдатпа
Бұл жұмыста жылу электр станцияларының күл-қож қалдықтарын құрылыс керамикалық бұйымдарын өндіруде тиімді пайдалану мүмкіндігі және олардың материал қасиеттеріне әсері қарастырылған. Шикізат материалдарының – күл қожы мен саздың химиялық құрамы мен құрылымдық сипаттамалары жан-жақты зерттелді. Негізгі элементтер мен оксидтердің мөлшері, сондай-ақ компоненттердің микроқұрылымының ерекшеліктері анықталды. Әртүрлі құрамдағы шихталар дайындалып, үлгілер қалыптау және күйдіру әдістері арқылы алынды. Әртүрлі пропорцияда күл қожы қосылған керамикалық бұйымдардың физика-механикалық қасиеттері, атап айтқанда беріктігі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде керамиканың пайдалану көрсеткіштерінің шикізат құрамындағы күл қожының үлесіне тәуелділігі анықталды. Күл-қож мөлшерінің артуы материал қасиеттеріне айтарлықтай әсер ететіні және оның оңтайлы мөлшері бар екендігі анықталды. Күл-қож қалдықтарын тиімді пайдалану бұйымдардың сапасын арттырумен қатар, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Өнімнің технологиялық және пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін күлдің оңтайлы мөлшері ұсынылды. Алынған нәтижелер күл-қож қалдықтарын құрылыс керамикасын өндіруде тиімді қайталама шикізат ретінде қолдануға болатынын дәлелдейді. Бұл зерттеу нәтижелері өнеркәсіпте кеңінен қолдануға және технологияларды жетілдіруге негіз болады деп қорытынды жасауға болады.