ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚАСБЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540708Кілт сөздер:
қайта жаңғырту, қасбет, өнеркәсіп ғимараты, жылу оқшаулау, энергия тиімділігі, өрт қауіпсіздігі.Аңдатпа
Бұл жұмыста энергия үнемдеу және қауіпсіздік талаптары негізінде қайта жаңғыртылатын өнеркәсіптік ғимараттардың қасбеттеріне арналған техникалық шешімдер қарастырылады. Өнеркәсіптік нысандардың қасбеттік жүйелерін жетілдіру энергия шығынын азайтуға, жылу тиімділігін арттыруға және объектінің жалпы эксплуатациялық сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеу барысында қазіргі заманғы жылу оқшаулау материалдары, желдетілетін қасбет жүйелері, қорғаныс және отқа төзімді қаптамалар талданып, олардың өнеркәсіптік жағдайларда қолданылу ерекшеліктері анықталады. Сонымен қатар, технологиялық қауіпсіздік нормалары, құрылыс конструкцияларының беріктігі және сыртқы әсерлерге төзімділігі ескеріледі. Өнеркәсіптік ғимараттарды қайта жаңғырту қазіргі таңда өндіріс орындарының энергия тұтынуын азайту, эксплуатациялық шығындарын қысқарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында маңызды инженерлік міндеттердің бірі болып табылады. Ғимарат қасбеттерін жаңарту — энергия үнемдеудің негізгі бағыттарының бірі, себебі қасбеттік жүйе ғимараттың жылу жоғалтуының елеулі бөлігін анықтайды. Осы рефератта энергия тиімділігі мен қауіпсіздік талаптары тұрғысынан өнеркәсіптік қасбеттерді модернизациялаудың заманауи техникалық шешімдері қарастырылады. Қайта жаңғырту процесінде энергия тиімділігі жоғары шешімдерді енгізу өндірістік шығындарды азайтып қана қоймай, экологиялық әсерді төмендетеді және ғимараттардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Ұсынылған техникалық шешімдер өнеркәсіптік инфрақұрылымды жаңғыртуда тиімді бағыт болып табылады.