КӨЛДЕНЕҢ ЖӘНЕ ТІК ҰҢҒЫМАЛАРДАҒЫ ҚАБАТТЫҢ ГИДРОЖАРЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Мұрат Сманұлы Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530605

Кілт сөздер:

қабаттың гидравликалық үзілуі (ҚГЖ), көлденең ұңғыма, қышқылды гидрожарылу, фильтрациялық сипаттамалар, ұңғыманың түп маңы аймағы (ҰТМА)

Аңдатпа

Бұл мақалада қабаттың гидравликалық үзілуін (ҚГЖ) көлденең және тік ұңғымалар жағдайында модельдеу әдістері қарастырылады. Қабат өнімділігін арттырудың заманауи тәсілдерінің бірі ретінде қышқылды гидрожарылу технологиясы кеңінен қолданылып келеді. Мақалада гидрожарылу процестерін геологиялық-гидродинамикалық модельдерге енгізудің тиімді әдістері, атап айтқанда жарықтарды аналитикалық және сандық жолмен есепке алу тәсілдері сипатталады. Жарық пен ұңғыма осінің өзара орналасуының флюидтің ағын профиліне және мұнай өндіру тиімділігіне әсері зерттеледі. Зерттеу барысында ұңғыма маңындағы аймақта ағынды сипаттайтын арнайы формулалар мен жарықтардың өткізгіштік сипаттамалары қолданылды. Көлденең ұңғымаларда көпсатылы гидрожарылу жүргізілген кезде жарықтардың кеңістіктегі геометриясының күрделілігі ескеріліп, нақты инженерлік жағдайларға бейімделген модельдік тәсіл ұсынылды.

  Осы жұмыстың ерекше құндылығы — горизонталды ұңғыма бойымен дебит пен фильтрациялық сипаттамалардың (табиғи және техногендік) таралуын ескере отырып, поинтервальды (учаскелік) қышқылмен әсер етудің техникалық-экономикалық оңтайландырылған схемасы жасалған. Бұл схема ұңғыма бойындағы төмен өнімділік аймақтарын нақты анықтауға және әсер ету әдістерін дәл реттеуге мүмкіндік береді. Сызба негізінде ұңғымалар жұмысының тиімділігін арттыру, өнім қайтарымын көбейту және әсер ету шығындарын оңтайландыру мүмкіндіктері қарастырылған.

  Ұсынылған модельдеу әдісі мен сызбалық шешімдер қабаттың зақымдалған аймақтарын қалпына келтіруде және ұңғымаларды қайта іске қосуда үлкен практикалық маңызға ие.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Мұрат Сманұлы, Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

    PhD докторы, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 17

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.