ТУРА АЙДАУ БЕНЗИН ФРАКЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ОТЫНДЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР АЛУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530602Кілт сөздер:
жоғары октанды қосымшалар, тура айдау бензині, октан саны, детонациялық тұрақтылық, физико-химиялық қасиеттер, экологиялық көрсеткіштер, экономикалық тиімділік, отын.Аңдатпа
Осы зерттеуде әртүрлі жоғары октанды қоспалар мен присадкалардың автомобиль бензиндерінің химико-математикалық және эксплуатациялық қасиеттеріне әсері қарастырылды. Жоғары октанды компоненттер ретінде алкилаттар, изомеризаттар, реформаттар, метилтретбутил эфирі, изопропил спирті және монометиланилин қолданылды. Эксперименттік деректер көрсеткендей, осы компоненттерді қосу бензиннің октан санын айтарлықтай арттырады, бұл жанармайдың жану сапасын жақсартып, қозғалтқыштың қуатын жоғарылатады. Сонымен қатар, қозғалтқыштың жұмыс параметрлері жақсарып, көлік құралдарын тиімді және үнемді пайдалану қамтамасыз етіледі, жанармай шығыны төмендеп, қозғалтқыштың тозуы азаяды.
Экологиялық аспектілерге ерекше назар аударылды: аталмыш қоспаларды енгізу атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейін төмендетуге ықпал етеді, бұл қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға маңызды және қазіргі заманғы экологиялық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді. Қосымша присадкалар жанармайдың коррозияға төзімділігін арттырып, детонацияға қарсы айқын әсер көрсетті, бұл қозғалтқыштың қызмет ету мерзімі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
Алынған нәтижелер алдын ала болып табылады және кең ауқымды сынақтарда әрі қарай тексеруді талап етеді, дегенмен олар бензин өндіруді жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашады. Зерттеу жанармай технологиялары және автомобиль өнеркәсібі үшін экологиялық тұрғыдан қауіпсіз шешімдер әзірлеуде маңызды негіз болып табылады, инновацияларды ынталандырып, қазіргі жағдайларда жанармай пайдалану тиімділігін арттырады.