ҚАЗАҚЫ ҰЯҢ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ СУБПОПОЛЯЦИЯЛАРЫН SNP-ГЕНОТИПТЕУ АРҚЫЛЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530507Кілт сөздер:
ҚҰҚ қойлары, ДНҚ-талдау, асылтұқымды құндылық, жалғыз нуклеотидті полиморфизм, кандидат гендерАңдатпа
Қазақы ұяң жүнді құйрықты қой тұқымы етті-майлы-жүнді өнімділік бағытына жатады және 3 аймақтық типтен тұрады: қарғалы, ақтөбе, байыс. Бұл жұмыста SNP-генотиптеу және негізгі компоненттер – PCA әдістерін қолдана отырып, барлық субпопуляцияларға («Khasiev», «Kara-Adyr», «Altyn Asel») геномдық талдау жүргізілді. Салынған PCA диаграммасы тұқымішілік құрылымды анықтауға мүмкіндік берді, яғни батыс аймақта өсірілетін қойлардың субпопуляциясының генетикалық дифференциация өзгеше кластерді құрайтынын, ал оңтүстік және шығыс өңірлердегі генофондтың генетикалық профилі өзара жақын, әрі асылтұқымды материалдармен жиі алмасу тәжірибесін айқындайды. Нәтижелер оқшауланған және тығыз байланысты генотиптердің болуын көрсетеді, бұл селекциялық жұмыстарды жүргізу және генетикалық мониторинг бағдарламаларын әзірлеу кезінде тұқымішілік гетерогенділікті есепке алудың маңыздылығын көрсетеді