ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДЕГІ  ПАРОНИЯЛЫҚ АТТРАКЦИЯНЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

  • Бекмашева Актоты Нигметовна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7189-8952

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610203

Кілт сөздер:

Паронимиялық аттракция, паремиалогиялық бірлік, экспрессивтілік, дыбыстық үйлесім, афоризм, сентенция, стилистикалық айшық, фразеологизмдер.

Аңдатпа

Бұл мақалада паремиологиялық бірліктердегі паронимиялық аттракцияның лингвостилистикалық қызметі қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – қазақ мақал-мәтелдер, сентенциялар және кейбір фразеологизмдердегі  дыбысталуы жағынан ұқсас, бірақ мағыналары әртүрлі сөздердің семантикалық жақындасуы арқылы жасалған паронимиялық аттракция құбылысының стилистикалық мүмкіндіктерін айқындау және оның мәтіннің экспрессивтілігі мен әсерлілігін арттырудағы рөлін саралау. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, семантикалық және стилистикалық талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар мақал-мәтелдер корпусынан іріктелген тілдік материалдарға, бірақатар тұрақты тіркестерге лингвостилистикалық талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде паремиологиялық бірліктердегі паронимиялық аттракцияның тілдік ойнақылықты, дыбыстық үйлесімді, мағыналық қарама-қарсылықты және экспрессивтік әсерді қалыптастырудағы стильдік қызметі анықталды. Сондай-ақ дыбыстық ұқсастыққа негізделген сөздердің қатар қолданылуы мақал-мәтелдердің бейнелілігін арттырып, олардың эстетикалық әрі бейнелілік мәнін күшейтетіні байқалды. Жүргізілген зерттеу паремиологиялық бірліктердің тілдік құрылымын жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді және паронимиялық аттракцияның ақын-жазушыларымыз шығармаларында авторлық афоризм, сентенция сияқты тілдік бірліктердегі қызметін айқындауға ғылыми негіз қалайды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіл біліміндегі фразеология, стилистика және мәтін лингвистикасы салаларында қолдануға, сондай-ақ жоғары оқу орындарында тіл мәдениеті, стилистика және лексикология пәндерін оқытуда пайдалануға болады. Зерттеу қорытындылары паремиологиялық бірліктердің экспрессивтік мүмкіндіктерін тереңірек тануға және олардың ұлттық дүниетанымды бейнелеудегі тілдік ерекшеліктерін айқындауға да ықпал етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31