БАТЫС ҚАЗАҚСТАН КЕН ОРЫНДАРЫНДА МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТАРДЫ ГЕЛИОМИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫШҚЫЛДАУ ӘДІСІ

Авторлар

  • Утеева Тойган Насипкалиевна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-2769-0497

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610607

Кілт сөздер:

мұнай, мұнай өнімдері, топырақ, биологиялық тазарту, техникалық және биологиялық рекультивация, микробиологиялық препараттар

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада мұнаймен ластанған топырақты тазартудың перспективті әдістері келтірілген. Мұнаймен ластану экологияға ауқымды зиян келтіреді. Қалыпты жағдайда, мұнай қалдықтары мен мұнаймен ластанған топырақты тазарту жұмыстары құрал-жабдықтардың болмауынан және қайта өңдеудің тиімді технологиясының жоқтығынан жүргізілмейді. Мұнаймен ластанған топырақты тазартудың перспективті әдістерін жасаудың қажеттілігі мен жол құрылысында топырақ қабатын бекіту үшін органикалық ұстастырғыш материал ретінде, сонымен қатар құрылыс материалдары ретінде мұнаймен ластанған топырақты пайдалану мүмкіндігі айтылады. Лабораториялық зерттеулерге сәйкес, ылғалдың мөлшері 30%-да мұнай шламдары нәзік плиталар түрінде автотранспортпен та- сымалданады. Бұл жағдайда мұнай шламдары шаңданбайды, тиксотропты қасиеттерге ие, топырақтың төменгі қабатына 1-3%-дан артық ылғалды өткізеді. Осылайша, құрғақ мұнай шламы сақтау қоймаларында тасымалдауға және сақтауға ыңғайлы және қауіпсіз. Құрғақ мұнай шламының ылғалдылығы орта есеппен 15-20% құрайды. Құрғақ шламның құрамы негізінен тұрақты: мұнай өнімдері 15- 25%; механикалық қоспалар 70-75%; 5-8% су. Соңғы жылдары мұнаймен ластанған топырақтарды тазарту мәселесін шешу үшін мұнайдың ластануын жою жұмыстары бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Мұнай өндірісі қалдықтарының полигондарының: шлам жинағыштарының құрылыс кезінде полигондардың әр түрлі жіктелуі мен қалдықтарды көму әдістері сипатталған. Дегенмен, қазіргі уақытта мұнаймен ластанған топырақты жою әдістерінің ешқайсысы кеңінен қолданылмайды, бұл әдістердің әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.  Топырақ қабатына түскен мұнай мен мұнай өнімдерімен ластанудың алдын алу немесе оны төмендетуге бағытталған микробиологиялық әдісінің жолдары көрсетілген. Мақалада зерттеу нысаны Батыс Қазақстан кен орындарының бірі Жаңажол кен орны болып табылады және мұнаймен ластанған топырақтарды гелиомикробиологиялық қышқылдау әдісіне жаңа технологияны қолданылу жағдайы ұсынылған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Утеева Тойган Насипкалиевна, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

51-60 тен 271

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.