«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналына қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қолжазбалар қабылданады

2024-04-03

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналына қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қолжазбалар қабылданады.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

  • Қазақстан тарихы
  • Білім беру және педагогикалық зерттеулер
  • Тіл және лингвистика
  • Ветеринария
  • Мал шаруашылығы және зоотехния
  • Мұнайгаз инженериясы
  • Құрылыс технологиясы

Журналды шығару жиілігі - тоқсанына 1 рет (жылына 4 нөмір). Мақалалар әр тоқсанның екінші айының 10-күніне дейін қабылданады (1 тоқсан – 10 ақпанға дейін, 2 тоқсан – 10 мамырға дейін, 3 тоқсан – 10 тамызға дейін, 4 тоқсан – 10 қарашаға дейін).

Бір мақаланы жариялау құны:

БҚИТУ ПОҚ (жеке тұлға) үшін - жарияланым үшін 2000 (екі мың) теңге;

Өзге ұйымдардың ПОҚ (жеке тұлға) үшін - жарияланым үшін 4000 (төрт мың) теңге;

Барлық ұйымдар үшін (заңды тұлға) - жарияланым үшін 6000 (алты мың) теңге;

Хирш индексі 10-нан асатын жалғыз автор үшін - жариялау ТЕГІН.

Шетелдік авторлар үшін (ҚР - мен бірлескен авторлықсыз) - жариялау ТЕГІН.