Журнал туралы

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мерзімді басылымы болып табылады және 2018 жылдан бастап басылып келеді.

Құрылтайшысы: ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»

Ғылыми журналда іргелі ғылыми зерттеулердің, қолданбалы ғылыми зерттеулердің, магистранттардың, докторанттардың, университеттің профессор-оқытушылар құрамының және басқа да білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің эксперименттік әзірлемелерінің нәтижелері көрсетіледі.

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 07.12.2017 ж. Басылымды тіркеу туралы куәлік - №16782-Ж нөмірімен және халықаралық әлемдік мерзімді басылымдар орталығында: ISSN (Print) 2706-6266, ISSN (Online) 3007-1062,  ISSN (Other electronic ressource) 3007-1070 нөмірімен тіркелді.

Журнал халықаралық баспагерлер қауымдастығына (Crossref) кіреді және халықаралық сандық идентификаторы бар – DigitalObjectIdentifier (DOI): 10.62724

Журнал ғылыми жұмыстарды келесі бағыттар бойынша жариялайды:

  • Қазақстан тарихы
  • Тіл және лингвистика
  • Білім беру және педагогикалық зерттеулер
  • Ветеринария
  • Мал шаруашылығы және зоотехния
  • Мұнайгаз инженериясы
  • Құрылыс технологиясы

Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) шығады, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

Рецензиялау: Журналда қос «соқыр» рецензиялау рәсімі қолданылады