Мұқаба

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мерзімді басылымы болып табылады және 2018 жылдан бастап басылып келеді.

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелген. Басылымды тіркеу туралы куәлік № 16782-Ж 7.12.2017 ж.

Журнал ғылыми жұмыстарды келесі бағыттар бойынша жариялайды:

- Қазақстан тарихы

- Білім беру және педагогикалық зерттеулер

- Тіл және лингвистика

- Ветеринария

- Мал шаруашылығы және зоотехния

- Мұнайгаз инженериясы

- Құрылыс технологиясы

Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) шығады, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.