БҰРҒЫЛАУ САЗ ШЛАМДАРЫН КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ӨНДІРІСІНЕ ЕНГІЗУ: ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610704

Кілт сөздер:

техногендік қалдықтар, бұрғылау саз шламы, шикізат қоспасы, керамикалық кірпіш, өнеркәсіп қалдықтары, cканерлі электронды микроскопия, Энергетикалық дисперсиялық спектроскопия, физикалық және химиялық қасиеттері.

Аңдатпа

Бұл жұмыс бұрғылау саз шламдарын қосып керамикалық кірпіш өндіру технологиясын жасауды, осы қоспаның материалдың қасиеттеріне әсерін зерттеуді және оны өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндігін бағалауды қарастырады. Керамикалық кірпіштің құрамына бұрғылау саз шламдарын қосу оның механикалық қасиеттеріне, соның ішінде беріктігін арттыруға оң әсер етеді. Зерттеу нәтижелері бойынша шлам мөлшері үлгінің жалпы массасының 60%-ын құрағанда, сығымдалу беріктігі 14,8 МПа-ға жетіп, M125 маркасына сәйкес келетіні анықталды. SEM арқылы анықталған микроқұрылымдағы өзгерістер материалдың біріктіру қасиетінің жақсарғанын және кеуектердің азайып, құрылымның тығыздалғанын көрсетеді. Химиялық талдау (ХҚҚ, EDS) элементтердің біркелкі таралуын және құрамның тұрақтылығын растады. Үлгінің беті гетерогенді, алайда шлам мөлшері артқан сайын микроқұрылым тығыздала түседі. Бұл өз кезегінде материалдың ұзақ мерзімді беріктігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұрғылау саз шламдарын пайдалану қалдықтарды қайта өңдеуге ғана емес, сонымен қатар өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді және экологиялық тұрақты құрылыс материалдарын жасауға ықпал етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Өмірзақ Мақсат Разахұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    техника және технологиялар магистрі

  • Калиева Жанар Ералиевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    техника ғылымларының кандидаты,доцент

  • Татенова Мугзара Аскаровна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    техника және технологиялар магистрі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 272

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.