«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналына қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қолжазбалар қабылданады
«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналына қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қолжазбалар қабылданады.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
- Қазақстан тарихы
- Білім беру және педагогикалық зерттеулер
- Тіл және лингвистика
- Ветеринария
- Мал шаруашылығы және зоотехния
- Мұнайгаз инженериясы
- Құрылыс технологиясы
Журналды шығару жиілігі - тоқсанына 1 рет (жылына 4 нөмір). Мақалалар әр тоқсанның екінші айының 10-күніне дейін қабылданады (1 тоқсан – 10 ақпанға дейін, 2 тоқсан – 10 мамырға дейін, 3 тоқсан – 10 тамызға дейін, 4 тоқсан – 10 қарашаға дейін).
Бір мақаланы жариялау құны:
БҚИТУ ПОҚ (жеке тұлға) үшін - жарияланым үшін 2000 (екі мың) теңге;
Өзге ұйымдардың ПОҚ (жеке тұлға) үшін - жарияланым үшін 4000 (төрт мың) теңге;
Барлық ұйымдар үшін (заңды тұлға) - жарияланым үшін 6000 (алты мың) теңге;
Хирш индексі 10-нан асатын жалғыз автор үшін - жариялау ТЕГІН.
Шетелдік авторлар үшін (ҚР - мен бірлескен авторлықсыз) - жариялау ТЕГІН.